Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 Қаулысы
Осы редакция 05.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 қазандағы
 № 1248 қаулысымен
 бекітілген
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
1. Осы Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) бухгалтерлердiң кәсiптік ұйымдарын (бұдан әрi – кәсiптік ұйымдар) және бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi ұйымдарын (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кәсiптік ұйымдарды аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мынадай құжаттардың: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2013 жылғы № 574 Қаулысымен (31.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) ұйым жарғысына сәйкес бекiтiлген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын Этика кодексi;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрамы туралы мәлiмет;
5) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсiптік ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiмет;
6) оқу-үйрету іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттыру жүйесiнiң бар екендiгiн растайтын құжаттар.
Уәкiлеттi органға аккредиттеу жүргізу үшін осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкiлеттi органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
Полная версия
ИС BestProfi