Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісім 
(Сеул қ., 2013 жылғы 10 желтоқсанда)
ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 873 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі
импорт және экспорт кезінде алынатын кедендік баждардың, салықтардың және басқа да кедендік алымдардың дәл есептелуін қамтамасыз етудің, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде тыйым салу және шектеу жөніндегі шараларды тиісінше орындаудың маңыздылығын назарға ала отырып;
кеден заңнамасын бұзу экономикалық, қоғамдық, мәдени мүдделерге, қоғамның салауаттылығына және сауда мүдделеріне залал келтіретінін назарға ала отырып;
есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қауіпті жүктерді, флора мен фаунаның жойылып кету қаупі төніп тұрған түрлерін және уытты қалдықтарды шекаралар арқылы заңсыз өткізудің қоғам үшін қауіп төндіретінін ескере отырып;
кеден заңнамаларының қолданылуына және сақталуының қамтамасыз етiлуiне қатысты саладағы халықаралық ынтымақтастықтың қажеттiлiгiн мойындай отырып;
Тараптар мемлекеттерінің кеден заңнамаларын бұзушылықтың алдын алу жөніндегі және кедендік баждардың, салықтардың және басқа да төлемдердің дәл есептелуін және жиналуын қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жігердің Тараптардың кеден әкiмшiлiктерi ынтымақтастығының арқасында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн екендiгiне көз жеткiзе отырып;
қазiргі уақытта Дүниежүзiлiк кеден ұйымы ретiнде белгiлi Кедендiк Ынтымақтастық Кеңесiнiң тиiсті құжаттарын, атап айтқанда 1953 жылғы 5 желтоқсандағы Өзара әкiмшiлiк көмек туралы ұсынымдарды назарға ала отырып;
Тараптар қатысушысы болып табылатын, жекелеген тауарларға қатысты тыйым салу, шектеулер және арнайы бақылау әдiстерi жөнiндегi халықаралық нормаларды назарға ала отырып;
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар қолданылады:
Қазақстан Республикасында – кеден ісі саласындағы уәкілетті орган;
Корея Республикасында – Корея Кедендік қызметі;
б) «Кеден заңнамасы» – тыйым салу, шектеу және бақылау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, тауарлардың импортына, экспортына, транзитiне және қозғалысына қатысты кеден әкiмшiлiктерi қолданатын және сақтайтын Тараптар мемлекеттерінің нормативтiк құқықтық актiлерінiң жиынтығы;
в) «Кедендік төлемдер мен салықтар» – Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары өндіріп алатын кедендік баждар, алымдар, салықтар және басқа да төлемдер;
г) «Кедендiк құқық бұзушылық» – кеден ісі саласындағы кез келген құқық бұзушылық не мұндай бұзуға әрекеттену;
д) «Тұлға» – кез келген жеке немесе заңды тұлға;
е) «Тұлғалар туралы мәлiметтер» – белгiлi бiр немесе белгiленетiн тұлғаға қатысты кез келген деректер;
Полная версия
ИС BestProfi