Близость слов: Окончание:





«Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсат беру нысанын бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7524 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігінің
Су ресурстары комитеті
2014 жылғы 25 маусымдағы
шығыс № 19-2-23/827-и хатқа
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – ҚР ҰКП) «Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсат беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қаралды.
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің ҚР ҰКП-ның арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш нысанынан 5, 10 және 16-тармақтарын алып тастау бөлігіндегі ескертулерін жұмыс тәртібінде жоюын есепке ала отырып басқа ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
Полная версия
ИС BestProfi