Близость слов: Окончание:





«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қою және Келісімнің Тарапы мәртебесін алу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлдiгi Қайрат Құдайбергенұлы Әбдрахмановқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қол қойсын және Келісімнің Тараптары мәртебесін алсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «__»________
№ __ қаулысына
қосымша
«Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Азияда көлікті дамыту туралы Бангкок декларациясын жүзеге асыру туралы 2010 жылғы  19 мамырдағы 66/4 қарарына және осы қарарда қамтылған «құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісім жасау жөніндегі жұмысты жүргізу туралы өтінішке сілтеме жасай отырып,
Азияда халықаралық интеграцияланған интермодальды көліктік-логистикалық жүйені ынталандыру мен дамыту және оның көрші өңірлермен байланысын қамтамасыз ету қажеттігін сезіне отырып,  
жаһанданудың жалғасын тауып отырған процесі шеңберінде халықаралық сауданың кеңеюі салдарынан халықаралық жүк тасымалдары көлемінің күтілетін ұлғаюын ескере отырып,
жүктердің байланысын және үздіксіз тасымалдануын нығайту, тасымалдардың және логистикалық қызметтердің тиімділігін арттыруға және құнын төмендетуге ықпал ету, сондай-ақ ішкі аудандарға және жағалаудан ішке қарай орналасқан аудандарға өзінің қолжетімділігін кеңейтуге берік шешімін терең сезіне отырып,
Азиялық автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісім және Трансазиялық теміржолдар желісі жөніндегі үкіметаралық келісім күшіне енген нәтижелі өңірлік ынтымақтастықтан жігер ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхит үшін  Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мүшелері арасындағы байланысты нығайту және сауданы дамытуға ықпал ету мақсатында халықаралық тасымалдау талаптарына жауап беретін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту және көліктің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету қажеттігін ескере отырып,
Азия-Тынық мұхит өңірінде интермодальды тасымалдарды үйлестіру және жеңілдету үшін халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттарды» дамыту
және пайдалану жөніндегі басшылыққа алатын қағидаттарын әзірлеу қажеттігін мойындай отырып,
тиімді және пәрменді халықаралық интеграцияланған интермодальды көліктік-логистикалық жүйенің маңызды құрауышы ретіндегі халықаралық маңызы бар «Құрғақ порттардың» әсіресе теңізге шыға алмайтын елдердің, транзит елдерінің және жағалаулық елдердің өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандырудағы рөлін назарға ала отырып,
Полная версия
ИС BestProfi