Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы енгізілсін.
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
  1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, ст. 555) енгізілсін:  
  жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
  «Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
 «мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%);» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 «мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 70%, 2017 жылға қарай – 80%-дан кем емес, 2020 жылға қарай – 95%);»;
 «мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай – 53%, 2017 қарай – 60%, 2020 жылға қарай - 70%);» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 «мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай – 55%, 2017 қарай – 65%, 2020 жылға қарай - 75%);»;
 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:  
 «қазақ тілінде әзірленген инновациялық (интерактивті және интенсивті) өнімдердің үлесі (2014 жылмен салыстырғанда жыл сайын өсімі - 10%);»;
 «тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%);» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi