Близость слов: Окончание:





«Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 562-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6980 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 23 маусымда № 88 (1904) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:  
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.  
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген
Резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеу туралы
ТІРКЕУ КУӘЛІК
  М.О. Салық органының __________________ басшысы
Полная версия
ИС BestProfi