1. Осы Жарылыстан қорғалған желдеткіштердің жүйесіне, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар (бұдан әрі - Талап) Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңының 7-бабы 17-1) тармағына сәйкес өңделді және жарылыстан қорғалған желдеткіштерді жобалауға, құрылысына, пайдалануға, қайта салуға, техникалық қайта жабдықталуға, консервациялау мен таратуға пайдаланылады.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 380 бұйрығымен бекітілген
Жарылыстан қорғалған желдеткіштердің құрылғысына, құрастырылуына және пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Жарылыс қауіпті өндірістер үшін желдеткіштердің түрі мен орындалуын таңдауды тасымалданатын жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына байланысты жобалық ұйым анықтайды.
3. Белгіленген санаттар мен топтардың жарылыс қауіпті қоспаларын тасымалдауға арналған желдеткіштерді басқа да төмен санат пен топқа жататын жарылыс қауіпті қоспаларды тасымалдау үшін қолдануға болады.
2-тарау. Жарылыстан қорғалған желдеткіштер құрылғысы мен дайындалуы
4. Желдеткіштердің дірілді жылдамдығының орташа шаршылы мәні жұмыс дөңгелектері мен жалғастырғыштар түріне қарамастан, 6,3 мм/с аспайды.
5. Радиалды желдеткіштер 1 немесе 3 құрылымдық орындаумен, өзекті желдеткіштер 1-қосымшаға сәйкес 1 немесе 2 құрылымдық орындау бойынша орындалады.
Радиалды желдеткіштер оң және сол айналымды болып жасалады және корпусының әр түрлі жағдайы болады.
Өзекті желдеткіштер оң және сол айналымды болады.
6. Желдеткіш құрамына кіретін жиынтық өнімдер осы өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес, желдеткішті дайындаушы-ұйымда кіру тексерісіне тартылуға жатады.
7. Желдеткіш құрылымы желдеткіштің белгіленген жұмыс режимінде жарылыстан қорғанысты қамтамасыз етеді.
8. Желдеткіштердің бөлшектері мен түйіндері (корпусы, жұмыс дөңгелектері, коллекторлар) оларды тасымалдау, құрастыру және пайдалану кезінде олардың бұзылуы мен бүлінуін болдырмайтын материалдардан дайындалады.
Жалпы тағайындаудағы желдеткіштермен салыстырғанда қаттылық пен беріктілікті арттыру үшін жоғары мықтылықтағы металл немесе қаттылықты арттыратын құрылымдық элементтер пайдаланылады.
Желдеткіштердің жұмыс дөңгелектерінің статикалық беріктілік қорының коэффициенті 1,3 - 2,0 шамасында анықталады.
Жұмыс дөңгелектері белгіленгеннен 10 - 20 % асатын айналым жиілігі кезінде сыналады.
9. Әртүрлі металлдардан жасалған радиалды желдеткіштерде жұмыс дөңгелегі жағына коллектарда ұшқын шығармайтын материалдан (жез, электр өткізгіш пластмасса және басқа) олармен қосылыс ажыратылмайтын қосылыспен (тойтару, дәнекерлеу, жабыстыру және басқа) жасалған сақина орнатылады.
Сақина коллектор бүйірінен жұмыс дөңгелегі мен коллектор арасындағы саңылау үлкендігіндей, бірақ 3 мм кем болмай шығып тұрады.
Әртүрлі металлдардан жасалған өзекті желдеткіштерде корпусының өтетін бөлігі жұмыс дөңгелегінің айналу аймағында немесе жұмыс дөңгелегі күректерінің соңы ұшқын шығармайтын материалдан (жез, электр өткізгіш пластмасса және басқа) дайындалады.
Полная версия