Близость слов: Окончание:





«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» стандарт жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Көлік және жаңа коммуникациялар министрінің
20___ жылғы «___» ___________ №______
бұйрығымен бекітілген
«Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты
1. «Көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану(түрлері бойынша)» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Темір жолдар және метро құрылысы» кәсіптік қызмет саласында біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайына талап етуді анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау мен сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалар, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;  
Полная версия
ИС BestProfi