Близость слов: Окончание:





Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 бұйрығы
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С. Б. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар министрінің
 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
 № 442 бұйрығымен бекітілген
Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік  қауіпсіздік талаптар
1. Осы Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын жобалауға, салуға, пайдалануға, жабуға және жоюға қолданылады.
2. Талаптарда қолданылатын қысқартулар қолданылған қысқартуларда көрсетілген.
3. Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын (бұдан әрі - МГК) игеру объектілері үшін технологиялық регламенттер, өндірістік бақылау туралы ереже және апатты жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) жасалады.
Технологиялық регламент - өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық үрдісті жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейтін, сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, стандарттардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ жұмыс жүргізуді белгілейтін және өндірістің тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізетін, кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
4. Ұңғымаларды таукен-геологиялық жағдайларда салудан тез өзгерістері жоқ кен орындарын (алаңдарды) бұрғылау кезінде келесі факторлардың жалпы болуы кезінде бірнеше ұңғымаларды бұрғылауға топтық және аймақтық жобаларды жасауға жол беріледі: 
1) ұңғыманың пайдаланылуы (іздеу, барлау, пайдалану, арнайы);
2) ұңғыма оқпаны бойынша жобалық тереңдіктер. Жұмыс жобасы бойынша орташа тереңдіктен ± 250 м шегінде ауытқулары бар ұңғыманы қосуға жол беріледі (деңгейжиек учаскесінің ұзындығы 500 м артпағанда еңісті-бағытталған бұрғылау және көлденең учаскелер үшін ± 500);
3) ұңғымалардың құрылымы - обсадты бағаналардың және олардың санының бірдей диаметрі (бағытын есепке алмағанда). Обсадты бағананың ұзындығының жұмыс жобасында көрсетілгеннен ауытқуы ± 250 м аспайды (еңісті - бағытталған бұрғылау және көлденең ұңғымалар үшін ± 500 м);
4) бұрғылау ерітіндісінің тығыздығының ауытқуы жобамен белгіленген шекті мөлшерден 0,02 г/см3  аспайды, мұнай газ су көрінулерін жою жағдайларынан басқа;
5) ұңғымаларды салу және пайдаланудың таукен-геологиялық жағдайларын;
Полная версия
ИС BestProfi