Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5331 болып енгізілді.
тақырып және 1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 146 Қаулысымен (01.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз
Осы редакция 06.05.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы  1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2009 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз активтерін әртараптандырудың нормативтерін осы Нұсқаулықтың 39, 41-тармақтарының талаптарына сәйкес келтірсін.
Осы Нұсқаулықтың 40, 41-тармақтарының шарттарына сәйкес келмейтін қаржы құралдарына орналастырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қаржы құралдарын 2009 жылғы 1 шілдеге дейін сатсын.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған жұмыс орнын Нұсқаулықтың 39, 40-тармақтарына сәйкес жетілдіруді 2009 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етуді қоспағанда, 2008 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде "Сақтандыруды қадағалау" автоматтандырылған жұмыс орнын жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының
 2008 жылғы 22 тамыздағы
 N 131 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулық
Атауға өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 146 Қаулысымен (01.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
«Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулық «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43, 46, 74-баптарына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5, 9-баптарына сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін және әдістемесін, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы туралы есепті беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (30.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерi
1-тараудың атауы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.01.2012 № 19 (01.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi