Близость слов: Окончание:





«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1718 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2012 ж., № 17, 279-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Интернет желісіне қатынау қызметтерін көрсету қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Байланыс қызметтерін көрсету
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1718 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы « »
№ қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы
30 желтоқсандағы
№ 1718 қаулысымен
бекітілген
Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Осы Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – «Байланыс туралы» Заң) сәйкес әзірленген және тіркелген телефон байланысы қызметтерін (бұдан әрі – телефон байланысы қызметтері) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желісіне шыға алмайтын, жылжымалы радиотелефон немесе радиобайланыс желісі, корпоративтік және бөлектелген телекоммуникация желілері арқылы телефон байланысы қызметтерін көрсетуді реттемейді.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) абонент – байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік желіжол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосымша құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) абоненттік желіжол – жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс желіжолы;
4) абоненттік нөмір – телефон байланысы қызметін көрсетуге шарт жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі, ол арқылы басқа терминалдарды қосу кезінде телефон желісіне қосылған терминал сәйкестендіріледі;
Полная версия
ИС BestProfi