1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның жергілікті жердегі филиалдары және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 28.06.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 139/НҚ бұйрығына 5-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызмет регламенті күшін жойды 2015 жылғы 28 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.04.2015 жылғы № 355 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – кадастрлық құнның актісі) беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме қызмет көрсетушімен Стандарттың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса қабылдау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды қабылдаған күні, толықтығын тексеруді, қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады (15 минут);
2) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімі қызметкері қабылданған құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және акті дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне береді (30 минут);
3) қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қабылданған құжаттарды тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) деректер базасы бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда қызмет көрсетушінің құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағаттан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді сұратады, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық бағалау актісін дайындайды (12 жұмыс күн);
4) дайындалған кадастрлық құнның актісін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінің қызметкері қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға береді (1 жұмыс күн);
5) қызмет көрсетушінің басшысы кадастрлық құнның актісіне қол қояды және қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді (1 жұмыс күн);
6) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімі қызметкері мөрмен куәландырады, тіркейді және кадастрлық құнның актісін қызмет алушыға береді (1 жұмыс күн).
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесін және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды:
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімімен құжаттарды қабылдап және тексеру, кіріс нөмірі бар тіркелген құжат оның нәтижесі болып табылады (15 минут);
2) қабылданған құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және кадастрлық құнының актісін дайындау үшін қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөліміне беру (30 минут);
3) қызмет көрсетушінің жерді бағалау бөлімінде қабылданған құжаттарды тіркеу, жер учаскесін МЖК ААЖ деректер базасы бойынша сәйкестендіру, қажет болған жағдайда құжаттарды сақтау және жүйелеу бөлімінен (техникалық мұрағатан) инвентарлық жер-кадастрлық істерді алу, бағалы аймақтарды және аймақтылық коэффициентін анықтау, кадастрлық құнының актісін дайындау (12 жұмыс күн);
Полная версия