Близость слов: Окончание:





«Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 644-бабы 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті «Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасын сарапшылық кеңеске талқылауға ұсыну үшін жолдайды.
«Ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
  

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 644-бабы 14-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында



3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды тудырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны жүзеге асыру қосымша қаражатты қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын

тиімділігі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 644-бабы 14-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Ж үргізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер

Басқа мәліметтер жоқ

10*

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www.minfin.gov.kz//қызмет/ норма шығару қызметі/кеңінен талқылау үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

www.minfin.gov.kz//қызмет/ норма шығару қызметі/кеңінен талқылау үшін ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
«__» __________ 2014 жыл
Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi