Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.10.2015
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 28.09.2015 жылғы № 802 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 843 қаулысымен
бекітілген
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3.Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 16 (он алты) жұмыс күнінен аспайды;
2)қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3)көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4.Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi