Близость слов: Окончание:





«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 41, 611-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашасынан ерте емес қолданысқа енгiзiледi.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі  
1. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне
 

Р/с



Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

 

1

2

3

4

1

лауазымды адамдар мен радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың иерархиясы белгіленген өтініш берушінің ұйымдық құрылымы

өтініш беруші бекіткен

графикалық схеманың немесе ұйымдық құрылымның мәтіндік сипаттамасының көшірмесі



еркін нысанда

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі

техникалық регламенттің талаптарына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті өндірістік- техникалық база

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

1-қосымшасына сәйкес мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажет ғимараттардың, үй-жайлардың және құрылыстардың болуы туралы мәліметтер нысаны;

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

2-қосымшасына сәйкес машиналардың, механизмдердің және жабдықтардың болуы туралы мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген атом энергиясын пайдаланатын объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәлімделетін жұмыстар бойынша тиiстi бiлiмi, даярлығы бар мәлімделетін жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамы

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

3-қосымшасына сәйкес

техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуы туралы мәліметтер нысаны





4

құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған лицензиялар

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

4-қосымшасына сәйкес

л ицензи я туралы мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті

қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

5



«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламентің 13, 227- тармақтарының талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының орналасқан алаңын таңдау актiсі

алаңды таңдау актісінің көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

6

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің 46, 168- тармақтарының талаптарына сәйкес ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймасының физикалық қорғау жүйесінің жобасы

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

5-қосымшасына сәйкес өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген физикалық қорғау жүйесі жобасының болуы туралы мәліметтер нысаны





бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес ресімделген техникалық жүйелер мен жабдықтарды сынау актiлерi, пайдалануға қабылдау актiлерi, аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiлерi

өтініш беруші бекіткен сынау және қабылдау а кт ілерінің көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты





8



































«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің 46, 168- тармақтарының талаптарына сәйкес ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасын физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қабылдау актiсі

өтініш беруші бекіткен ядролық қондырғының және/немесе радиоактивті қалдықтардың қоймасын физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін қабылдау актiсінің көшірмесі







бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты



9



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламентің 138- тармағының талаптарына сәйкес объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау бойынша алдын ала есеп

өтініш беруші бекіткен объектінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі алдын ала есептің көшірмесі



бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

10





































Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысымен бекітілген «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің 163- тармағының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 684 қаулысымен бекітілген «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің 117- тармағының талаптарына сәйкес объектiнi пайдаланудан шығарудың алдын ала жоспары

өтініш беруші бекіткен объектiнi пайдаланудан шығару жоспарының көшірмесі

































бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

















11

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес еңбекке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздік жүйелеріндегі ақаулықтардың алдын алуға бағытталған жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, бақылауды және сынауды қамтамасыз ететін қызметтер

қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелері;

қызметтер туралы ережелердің көшірмелері; кестелердің, жұмыстарды жүргізу журналының көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

12

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметі

қызметті құру туралы бұйрықтың, қызмет туралы ереженің, радиациялық бақылауды жүргізу нұсқаулықтарының, кестелері мен әдістемелерінің көшірмелері, радиациялық бақылау аспаптары мен өлшеу құралдарын тексеру сертификаттарының көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

13

иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған қойма



объектіні орналастыру жоспар-схемасының көшірмесі;

экологиялық сараптама қорытындысының көшірмесі;

уәкілетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

14

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес мәлімделетін қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы

өтініш беруші бекіткен бағдарламаның көшірмесі





15

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес әзірленген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-әрекеті жөніндегі нұсқаулық, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтардың көшірмелері



бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

16









«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының

талаптарына сәйкес әзірленген радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары

өтініш беруші бекіткен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген жоспардың көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

17

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес авария жағдайында персоналдың iс-қимылын пысықтауға арналған аварияға қарсы іс-шаралар жүйесі

өтініш беруші бекіткен авария жағдайында персоналдың іс-қимылын пысықтауға арналған әдістеменің, аварияға қарсы жаттығуларды өткізу бағдарламасы мен кестесінің көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

18

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының

талаптарына сәйкес ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау жөніндегі қызметтер

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 6 - қосымшасына сәйкес қызмет туралы мәліметтер нысаны;

қызмет туралы ереженің көшірмесі; есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі



бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

19

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жобада көзделген барлық жұмыс режимдерiнiң көлемiнде, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезiнде объектiде, санитариялық-қорғау аймағында және бақылау аймағында радиациялық жағдайды бақылау жүйесi

өтініш беруші бекіткен радиациялық жағдайды бақылау бағдарламасының, өлшеу әдістемелері мен өткізу кестелерінің, өлшеулерді өткізу журналының, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

20

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 8-

тармағының талаптарына сәйкес

өтініш берушінің персоналдың сәулелену дозасын есепке алу және өлшеу жүйелері



осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес персоналға жеке дозиметрлік бақылау қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарт туралы мәліметтер нысаны; немесе меншікті жеке дозиметрлік бақылау қызметі болған жағдайда: жеке дозиметрлік бақылау қызметін құру туралы бұйрықтың және жеке дозиметрлік бақылау қызметі туралы ереженің көшірмелері, өлшеу жүргізудің аттестатталған әдістемелерінің көшірмелері, зертхананы түгендеу актілерінен үзінділердің көшірмелері, тексеру сертификаттарының көшірмелері,

жеке дозиметрлік бақылау нұсқаулығының көшірмелері, дозиметрлік өлшеулердің жеке карточкаларының көшірмелері, есепке алу журналының көшірмесі

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

21

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттің талаптарына сәйкес ядролық қондырғыны және/немесе радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн пайдаланушы ұйымда қажеттi қаржы құралдары

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

8- қосымшасына сәйкес қажетті қаржы қаражатының болуы туралы мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

22

қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің 9- қосымшасына сәйкес сақтандыру шартының болуы туралы мәліметтер нысаны



23

объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

9-қосымшасына сәйкес сақтандыру шартының болуы туралы мәліметтер нысаны



бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

24









міндетті экологиялық сақтандыру шарты







осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің

9-қосымшасына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуы туралы мәліметтер нысаны

бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты

2. Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке
 

Р/с



Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

Полная версия
ИС BestProfi