Близость слов: Окончание:





«Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  Қоса беріліп отырған Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2.  Осы қаулы 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
  Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                          К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары
Осы Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
1) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
3) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі (бұдан әрі - 112 қызметі) – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
4) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жолда жүруі процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға;
5) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесінің операторы – шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым;
6) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы (бұдан әрі – шақыру құрылғысы) – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;  
7) көлік құралының жағдайын бақылайтын датчиктер – көлік құралында орнатылған, жол-көлік оқиғасы фактісін анықтауға мүмкіндік беретін және осы факті туралы ақпаратты шақыру құрылғысына беретін жеделдету датчиктері (акселерометрлер) немесе өзге де техникалық құралдар;
8) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, көлік құралын басқару құқығына сенімхат, тиісті органның осы адамға көлік құралын беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде көлік құралын басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;  
Полная версия
ИС BestProfi