2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 389 Заңымен ратификацияланған Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қойды. Шарт жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын үшінші елдерге әкелуі немесе үшінші елдерден әкетуі үшін бірыңғай тәртіпті белгілейді.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету тәртібі
Шарттың нормаларына сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.
Полная версия