1. Заң жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Заң жобасына тұжырымдама жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы»
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу.
Заң жобасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (жаңа редакция) негізгі жобасының нормаларының қолданысын қамтамасыз етуге және оның ішінде мынадай негізгі мәселерді шешуге бағытталған:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылды.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының ықшамды Үкіметін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығымен 12 министрліктен тұратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрылымы туралы шешім қабылданды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіліктері Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне берілді.
Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес функциялар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жеткілікті деңгейде іске асыруға, тұтынушылардың құқықтарының бұзылу фактілеріне ден қоюдың пәрменді шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасымен (жаңа редакцияда) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруфункциясын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегіуәкілетті органға беруұсынылады.
Бұл ретте, бизнеске жүктемені азайту мақсатында бақылауды тек жоспардан тыс нысанда және өзге нысандарда жүзеге асыру, яғни, жоспарсыз тексерулер ұсынылуда.
Мемлекеттік бақылаудың жалпы құқықтық негіздері және бақылау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген. Аталған заңмен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салалары айқындалған. Бұл ретте заңмен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру көзделмеген.
Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшаны мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласымен толықтыру қажет.
2. Бүгінгі күні әкімшілік заңнамада тұтынушыларды алдау, сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шыққан жері, өндірушілері, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және наразылық білдіру тәртібі туралы қажетті ақпаратты ұсынбау секілді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бұзушылықтар қарастырылған.
Бұл ретте, атап көрсетілген әкімшілік бұзушылықтар бірнеше мемлекеттік органның (ішкі істер органдары, техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау органы) құзыретіне жатқызылған.
Мәселен, «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің «Тұтынушыларды алдау» деген 159-бабы бойынша құқық бұзушылықтарды соттар қарайды, хаттамларды ішкі істер және қаржы полициясының органдары құрады (159-баптың 3 және 4-бөлігі бойынша).
«Тұтынушыларды алдау» деген 159-бап бойынша ішкі істер органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес тиісінше айыппұл ретінде 3 және 4 әкімшілік жаза тағайындалған 2011 жылы – 5, 2013 жылы 4 құқық бұзушылық анықталды. Бұл ретте, салынған айыппұлдардың сомасынан тек 40%-ы өндіріп алынды.
Қаржы полициясының органдары 2012 және 2013 жылдары бір әкімішілік құқық бұзушылықтан анықтады.
Мәселен, ұсынылған мәліметтерден көрсетілген құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс іс жүзінде жүргізілмейтіндігі көрінеді. Бұл бірінші кезекте көрсетілген органдардың өзге бейінді мәселелер бойынша жұмыстың көп болуымен байланысты.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында және осы саладағы уәкілетті органның құрылуын есепке ала отырып «Әкімшілік бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тұтынушыларды алдау, сауда қызметін реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу секілді баптарды тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органның құзыретіне жатқызу бойынша тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Полная версия

