Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 725 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2015 жылғы № 4-4/305 Бұйрығын қараңыз
1. «Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті қызметті алушылардың жылғы 1 (бірінші) желтоқсанға дейін;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші белгілеген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді ұсынады.
Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушiден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушiден ағымдағы жылы сатып алған көрсетілетін қызметті алушы тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi