Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы туралы» Конституциялық заң жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; № 12 (2493) мамыр, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негiзгi бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.»;
2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 16) тармақшалар алып тасталсын;
2) 14-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) министрліктер, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар мен Республиканың жергілікті атқарушы органдары актiлерiнiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;»;
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды құрады және таратады;».
Полная версия
ИС BestProfi