Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы N 57-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5602 болып енгізілді.
Осы редакция 30.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған ережесі бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары екі апта мерзім ішінде асыра пайдаланғаны үшін ең жоғары тариф бойынша ақы алынатын электр энергиясын тұтынудың шамасын анықтасын. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін. 
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды
 реттеу агенттігі төрағасының
 2009 жылғы 20 ақпандағы
 N 57-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауының осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтерді есептеудің тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.02.2011 № 47-НҚ бұйрығымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Ережеге сәйкес есептелген тәулік зоналары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары үшін оларда электр энергиясының көп ставкалы есептеу құралдары болған кезде қолданылады. 
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар: 
1) тұтынушы – электр энергиясын шарттың негізінде пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға; 
2) тұтынушының электрді тұтыну кестесі (тұтынушының жүктелім кестесі) – тәулік зоналары бойынша қисық өзгерістер, электр энергиясын тұтыну көлемдерінің тәуліктік өзгерісінің графикалық көрінісі; 
3) тұтынушылар тобы – ортақ белгілері бойынша: электр энергиясын тұтыну шарттары, тұтынылатын қуат және одан әрі топтарға біріктірілген тұтынушылар; 
Полная версия
ИС BestProfi