Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының орнықтылығы және оны тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығы
Осы редакция 06.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мұнай-газ кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын орнықты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Полная версия