Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.10.2014
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 08.10.2014 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таныстыруға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат агенттігі
 төрағасының
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 75 бұйрығына 1 қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы
  

Сарсенов

Сәкен Сейтжаппарұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, комиссия төрағасы;

Байжуманов

Алибек Булатұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Заң департаменті құқықтық жұмыс басқармасының сарапшысы, комиссия хатшысы;

Задорожный

Андрей Викторович

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Заң департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары;

Ауғанбаев

Серік Тұрғынбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпараттық технологияларды дамыту департаменті директорының орынбасары;

Байбосынов

Жанболат Өстемірұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Ақпарат департаменті директорының орынбасары;

Омаров

Ерғазы Муқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Байланыс департаменті директорының орынбасары.

Қазақстан Республикасы
 Байланыс және ақпарат агенттігі
 төрағасының
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 75 бұйрығына 2 қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) комиссияның қызметін және жұмыс тәртібін айқындайды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жанындағы (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік саласының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерді аккредитациялау мақсатында тұрақты түрде құрылатын орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу саласындағы актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Жалпы комиссия мүшелерінің саны тақ болу керек және үш адамнан кем болмау керек. Комиссияның хатшысы комиссия құрамына кірмейді және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары бетінде комиссияда төрағалық етеді, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, комиссияның жұмысын жоспарлайды және жалпы шешімдеріне бақылау жасайды.
2. Комиссияның мақсаты мен функциялары
6. Комиссия өз саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеуге қатысты материалдарды қарау;
2) аккредиттеу туралы қаралған материалдары қорытындылары бойынша тиісінше ұсыныс беру;
3) аккредиттеу туралы куәлігін тоқтатуды жөнінде сұрақтарды талқылау;
4) бірлестіктерді аккредиттеу процедурасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
7. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
8. Құжаттарды қарау комиссияның мәжілістерінде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуды;
3) аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.
9. Егер аккредиттеуге бір әкімшілік-аумақтық бірлестікті, қызметтің бір саласын білдіретін екі немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын біріктіретін коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
10. Аккредиттеу туралы куәлік немесе себебін негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама мемлекеттік орган тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке беріледі.
11. Аккредиттеу туралы куәлік 3 жыл мерзімге беріледі.
12. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берілмейді.
13. Аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде бірлестік тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде куәлікті берген мемлекеттік органнан оның телнұсқасын ала алады.
14. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын Агенттік аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұрады.
15. Куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде Агенттік комиссияның оң шешімі негізінде оның қолданылуын жаңғыртады.
3. Комиссияның жұмыс тәртібі және қызметтің тоқталуы
16. Комиссия мәжілісінде хатшы төрағасына және қатысушы Комиссия мүшелеріне бірлестіктердің (бірлестік) тапсырған құжаттарың таратады.
17. Бірлестіктердің (бірлестік) тапсырған құжаттарың барлық Комиссия мүшелері зерттеуді аяқтағаннан кейін, әрбір Комиссия мүшесі зерттеген құжаттар бойынша өз пікірін білдіреді.
18. Бірлестіктердің (бірлестік) құжаттары бойынша қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыс беру арқылы қорытынды шешім шығарылады.
19. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
20. Комиссия мәжілісі аяқталғаннан кейін комиссия хатшысы бірлестіктердің (бірлестік) құжаттары қаралғаны туралы хаттама рәсімдейді. Бірлестіктердің (бірлестік) құжаттары қаралғаны туралы хаттама комиссия Төрағасымен әрбір қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылады.
21. Комиссия ұсыныстарының негізі бойынша хатшымен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының бірлестіктердің (бірлестік) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтата тұруды немесе тоқтатуды туралы бұйрық жобасын дайындайды.
22. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының шешімі негізінде тоқтатады.
Полная версия
ИС BestProfi