Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiн және «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнiмдi ресiмдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесiнде (бұдан әрі - Ереже):
2-1 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға, мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндiрумен (қару-жарақ пен әскери техника өндiрудi қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрi – конкурсқа қатысушылар) үмiткер бола алады:»;
2-2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Әрбір номинация бойынша мынадай санаттар бойынша үш сыйлық беріледі:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оның қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелердің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін конкурсқа қатысушының есебін – А4 форматтағы 38 парақтан көп емес;
3) есепке қосымшаны (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері) – А4 форматтағы 30 парақтан көп емес;»;
9 - тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметiне жергiлiктi жерлерде алдын ала бағалау жүргiзу үшiн конкурсты ұйымдастырушының шешiмiмен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкiлдерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кемінде екі өкілінен, қоғамдық бiрлестiктер, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi арасынан сараптамалық топтар құрылады.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Конкурсқа қатысушылардың материалдарына алдын ала бағалау жүргізу және олар бойынша алдын ала қорытынды дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кемінде екі өкілінен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен Конкурсты ұйымдастырушының комиссиясы құрылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi