Близость слов: Окончание:





 Қыз күнімдегі тегімді қайтып алуыма бола ма? 
 Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің тегіне жазылып едім. Соған орай барлық құжаттарым да осы кейінгі тегіммен толтырылған. Институт бітіргесін дипломды да осы тегіммен алдым. Енді өзімізге белгілі себептермен, отбасының келісімімен қыз күнімдегі тегімді қайтып алғым келеді. Некеден ажыраспай-ақ, қайтарып алуға бола ма? Дипломымды, басқа құжаттарымды түгел өзгертуім керек пе? 
 Қайтарып алуға мүмкіншілігіңіз бар. Ол үшін некеден ажырасудың тіпті де қажеттігі жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әділет басқармасының азаматтардың хал актілерін тіркеу бюросына арыз тапсырасыз. Қыз күніңіздегі тегіңізге оралғаннан кейін дипломыңыз бен басқа құжаттарыңызды да өзгерту міндетті емес. Тек олардың қажеттігі туындай қалса, неке туралы куәлігіңіздің көшірмесін ала жүруге тура келеді.
Полная версия
ИС BestProfi