Близость слов: Окончание:





«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
  1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
  2, 14, 17, 18, 28, 29, 38, 39-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С.Жұмаділдаев):
  1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін  қамтамасыз етсін;
  2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
  3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
   3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
  Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов  
Полная версия
ИС BestProfi