БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2014
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және Бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 167 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 403 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:
06 «Өзге де салықтық емес түсімдер» сыныбында:
1 «Өзге де салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 13-ерекшелікпен толықтырылсын:
«13 Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
4 «Іргелі ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
2 «Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
122 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
007 «Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
5 «Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001, 002, 100, 101, 105, 109 және 114 бюджеттік бағдарламалары бар 681 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«681 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
001 Күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
002 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін дамыту бағдарламасы
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау»;
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
028 «Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
028 «Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстау» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
06 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобында:
9 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
9 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
286 «Облыстың туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
13 «Басқалар» функционалдық тобында:
9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
299 «Облыстың экономика және қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
064 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«064 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу»;
357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу».
475 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен».
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев
Полная версия

