«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 154 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 тамызда № 9690 тіркелді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 153 қаулысына (Нормативтік құқықтық әктілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциялық реттеу, өңірлік қаржы орталығын құру және дамыту, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелеріне байланысты қызметті іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша консультанттар мен кеңесшілердің қызметін сатып алу.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Полная версия