Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9249 тіркелді
Осы редакция 27.05.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 9 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру
 қағидалары 
Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті (бұдан әрі - брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.  
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде, брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарына, брокер және (немесе) дилер мен олардың клиенттерінің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттарға және егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, әдет-ғұрыптарға (оның ішінде іскерлік айналымының әдет-ғұрыптарына) сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;
3) инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.
3. Брокер және (немесе) дилер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың мынадай түрлерінің бірін иелене алады:
1) бірінші санатты лицензия - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығымен);
2) екінші санатты лицензия - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу құқығынсыз).
4. Бірінші санатты лицензияны иеленген брокер және (немесе) дилер осы Қағидаларда бірінші санатты брокер және (немесе) дилер, екінші санатты лицензияны иеленген - екінші санатты брокер және (немесе) дилер деп аталады.
Полная версия
ИС BestProfi