Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.07.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
 2014 жылғы 4 наурыздағы
 № 73 бұйрығына
 2-қосымша
«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 25 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.05.2015 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – казино қызметімен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартқандығы туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды ұсына отырып көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсету қызметін ұсыну туралы өтініші немесе электрондық сауалы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушылардан тікелей портал немесе ХҚО арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған сұрауды тіркеуі және түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін жібеуі;
2) 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директорының қарау үшін жіберуі;
3) 30 минут ішінде спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаментінің директорымен қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департамент директорының орынбасарына қарау үшін жіберуі;
4) 30 минут ішінде спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті директоры орынбасарының қарауы және спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының басшысына қарау үшін жіберуі;
5) 30 минут ішінде ойын бизнесі және лицензиялау басқармасы басшысының өтінішті және оған қоса берілген құжаттардың біліктілік талаптарға сәйкестігіне қарауы және ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысына жіберуі;
6) ойын бизнесі және лицензиялау басқармасының жауапты орындаушысының ұсынылған құжаттардың дұрыстығына, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкестігіне тексеруі, ұсынылған құжаттар толық және (немесе) шынайы болмаған жағдайда бас тарту туралы уәжделген жауабын дайындауы;
Полная версия
ИС BestProfi