Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрлігінің
 2014 жылғы 9 сәуірдегі
 № 243 бұйрығына
 6-қосымша
«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2016 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1255 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 66-бабының 2-тармағының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі әуеайлаққа (тікұшақ әуеайлағына) жарамдылық сертификатын беру (бұдан әрі - сертификат сертификаттың телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының өтініші мен Cтандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімдері (іс-қимылдары): 
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарларды тіркеу журналында қызметті алушының мемлекеттік қызмет алу үшін қажет өтініш пен өзге де құжаттарын алып, ашу, сұрыптау және тіркеп, қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызмет алушының ұсынған құжаттарын қарастырып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің Әуежайлар басқармасының басшысына жолдайды (бұдан әрі - Басқарма);
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күн ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қызметті алушыға қызметті берушінің басшысы қол қойған қызметті алушыға сертификаттық тексеріс өткізу туралы шешімін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дәлелді жауабын жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің сертификаттық тексеріс өткізуге комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен асырмай қызметті беруші басшысының сертификаттық тексеріс үшін комиссияны құру туралы бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті берушінің басшысы сертификаттық тексеріс актісіне қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен асырмай сертификатты ресімдеу және оны қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдауды қамтамасыз етеді.
Басқарманың сарапшысы Заңмен белгіленген тәртіпте бас тарту себебін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды.
Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде есеп және берілген сертификаттарды (сертификат телнұсқаларын) тіркеу журналында қолхатпен қызметті алушының жеке қатысуымен сертификат (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын береді.
Сертификаттың телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажет қызмет алушының өтініші және өзге де құжаттары тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 7 күннен асырмай беріледі.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
Полная версия
ИС BestProfi