Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің 2014 жылғы
 9 сәуірдегі № 243
 бұйрығына
 9-қосымша
«Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 18 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.05.2015 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес
1. «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысымен бекітілген «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі - ЭМК);
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме қызметті алушының өтініші мен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізімі болып табылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің рәсімі (іс-қимылы):
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде кіріс хат-хабарын тіркеу журналында мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының хат-өтінімдерді және өзге де құжаттарды қабылдау, ашу, сұрыптау және тіркеуді жүргізеді және оларды қызметті берушінің басшысына жібереді.
2) қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынған құжаттарын қарастырады және оларды орындау үшін қызметті берушінің Авиациялық қауіпсіздігі басқармасының басшысына жібереді (бұдан әрі - Басқарма).
Полная версия
ИС BestProfi