Близость слов: Окончание:





«0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік  білім беру стандартартын және үлгілік оқу бағдармаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
1. Осы стандартты меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдары қолданады.
0302000 «Мейіргерлік ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамыздағы № 1080 қаулысына сәйкес әзірленді және кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы негізгі мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындайды.
Стандартта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдастыру мақсатында білім, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсыныстары пайдаланылған.
2. Осы Стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланады:
1) базалық құзырет (БҚ) - өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі уәждемелеуге бейімдеу, өзінің қызметі мен өзін-өзі басқару қабілеттілігі;  
2) білім беру бағдарламасы - оқу жұмыстарының түрлері, пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі сатысының мазмұнын анықтайды және оларды оқытуға берілген уақыт көлемі, мақсаттары енгізілген құжат;
3) біліктілік - нақты кәсіп пен мамандықтар бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға дайындығының түрі мен деңгейі;
4) жұмыс оқу жоспары - білім беру ұйымының жетекшісі бекітетін, оқу пәндерінің тізбесі мен көлемі бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылауды реттейтін типтік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымымен әзірленетін құжат;
5) кәсіптік практика - оқу үрдісінің кәсіптік оқытуда ең жалпыланған өлшемі мен еңбек қызметіне қызмет көрсетуде білікті техникалық қызметкерлерді даярлаудың тиімді түрі;
6) кәсіптік құзырет (КҚ) - маманның кәсіптік тәжірибе, дағдылар, білім негізінде кәсіптік мәселелер жиынтығын шешу қабілеттілігі, сонымен бірге кәсіптік қызметін тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттері;
7) құзырет - маманның кәсіптік тәжірибе, дағдылар, білім негізінде кәсіптік мәселелердің белгілі жиынтығын шешу мен іске асыру қабілеттілігі;  
Полная версия
ИС BestProfi