Близость слов: Окончание:





«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2009 ж., № 16, 137-бабы) келесі өзгерістер енгізілсін:
преамбула келесі редакцияда жазылсын:  
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабымен сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен сәйкес әзірленген.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:
бірінші бөлігіндегі бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен сәйкес әзірленген.». 
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға жатады. 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов 
«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
Салыстырма кесте
 

Р/н

Құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Преамбула

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңының қабылдануымен сәйкес салық заңнамасында осы норма жоқ.



Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының

асып кеткен сомасын айқындау ережесі

1-тармақ

1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы мен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ның 25-бабы 4-тармағы мен сәйкес әзірленді.

1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы мен сәйкес әзірленген.



Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңының қабылдануымен сәйкес салық заңнамасында осы норма жоқ.

7-тармақ

7 . Осы тараудың ережелері 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындауға да қолданылады.

Алынып тасталсын

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңының қабылдануымен сәйкес салық заңнамасында осы норма жоқ.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді,

жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді

тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері

Бірінші бөлігіндегі бірінші абзац

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ның 25-бабы 4-тармағы мен сәйкес әзірленді.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен сәйкес әзірленген.



Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңының қабылдануымен сәйкес салық заңнамасында осы норма жоқ.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  Б. Сұлтанов
«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына
Түсіндірме жазба
 

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші - мемлекеттік органның ақпараты

Жобаны әзірлеуші - мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 152-V Заңын іске асыру мақсатында

Жоба қабылданған жағдайда болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлары

Кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар күтілмейді.

Жобаны іске асырумен байланысты болжамды қаржылық шығындар



Жобаны қабылдау мемлекеттік шығыстарының ұлғаюына және мемлекеттік кірістердің қысқаруына әкеп соқтырмайды.

Жобаны қабылдаудағы болжадағы тиімділігі және күтілетін нәтижелердің мерзімі, нақты мақсаттары

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару рәсімін тәртіпке келтіру мақсатында



Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылдаған актілері туралы мәліметтер және оларды іске асыру нәтижелері





«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысы;

«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 739 қаулысы;

«Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 1322 қаулысы.

Заңнаманы кейіннен жобамен сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

Премьер – Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Қосымша сараптама жүргізілген жоқ.





Өзге де мәліметтер Жоқ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильді қондырғыларына материалдарды (үзінділерді) жіберуге рұқсат етіледі. Рұқсат етіледі

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат



Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсындағы «Ақпараттық материалдар » деген бетінде, «Нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімнің «Кеңінен талқылануға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» деген кіші бөлімінде орналастырылған

www . minfin .gov .kz .

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Кеңінен талқылауға ұсынылған «Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi