Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Заңының 6-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1545 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013ж., №80, 1055-құжат);  
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы «__» ______
қаулысымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының   
1. Осы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 6-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке тұлғалардың жасына байланысты деңгейлерден тұрады.  
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар қатысады.  
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестерілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.  
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының және еңбек ұжымдарының басшыларына жүктеледі.  
Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілердің құрылымы 
   6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері екі деңгейге бөлінеді:   
Полная версия
ИС BestProfi