Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережесін бекіту туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тиісті облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізімі, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты іске асыру жөніндегі барлық қажетті шаралар қолдансын.
Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары - республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізімі
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінiң Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;  
Полная версия
ИС BestProfi