Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
 № 165 бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 501 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің – mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігін беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі – КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері және қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері қатысады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы азаматының тұрақты тіркеу орны бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
көрсетілетін қызметті алушы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жеке басын куәландыратын құжатты, құжат дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерінің өзгеруіне байланысты ауыстыру кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Орталық арқылы, көрсетілетін қызметті беруші арқылы – құжаттарды қабылдау кезінде Портал арқылы жүзеге асырылады.
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау ХҚТ ТП-нің жұмыс орындарындағы Орталықтарда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – mvd.gov.kz «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, Орталықтың – www.con.gov.kz, Порталдың – www.egov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Орталықтарда орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне:
Полная версия
ИС BestProfi