Близость слов: Окончание:





«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидасы бекітілсін.
Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары
1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңын а сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеу тәртібін айқындайды.  
2. Спорт федерацияларын аккредиттеу – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша спорт федерацияларының заңдылығын тану рәсімі.  
3. Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
5. Спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрi (түрлері) бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азиялық олимпиада кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
6. Ұлттық спорт түрi (түрлері) бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi