Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2014
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
 - Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрінің
 2014 жылғы 4 сәуірдегі
 № 163 бұйрығына
 3 қосымша
«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы регламент күшін  жойды ҚР Қаржы министрінің  02.07.2014 жылғы №  298 Бұйрығына сәйкес
1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Бақылау-касса машиналарының жаңа моделін (бұдан әрі – БКМ) БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді беру, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште табыс етуі негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (іс-қимылдары):
1) көрсетілетін қызметті берушінің іс-қағаздарды жүргізуге жауапты қызметкері:
көрсетілетін қызметті алушы табыс еткен құжаттарды қабылдайды, тексереді, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі – БЭҚАЖ) тіркейді – 5 минут;
салықтық өтініштің екінші данасына жауапты қызметкер құжаттың қабылданған күнін, құжаттың кіріс нөмірін, өзінің аты-жөнін көрсетеді және оған қолын қояды – 5 минут;
көрсетілетін қызметті алушыға, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес салықтық өтініштің қабылданғаны туралы талон (бұдан әрі – талон) – 5 минут;
құжаттарды тарату үшін басшылыққа береді – 10 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және қарармен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты басқарма басшысына береді – 1 күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты қызметкері:
құжаттарды өңдейді (соның ішінде БКМ моделінің сәйкестігін тексереді, Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, БКМ моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы Комиссия шешімін қалыптастырады – 28 жұмыс күні;
құжатты (қалыптастырылған Комиссия шешімін) мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты басқарма басшысына келісуге жібереді – 1 сағат;
4) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты басқарма басшысы дайындалған құжатты қарайды, келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді – 1 сағат;
Полная версия
ИС BestProfi