1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 3-қосымша
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:
1) қағаз түрінде бербоут - чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік);
2) Стандарттың 12-тармағына сәйкес электронды құжат немесе қағаз түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының, Стандарттың 10-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) Министрліктің кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны Министрліктің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) Министрліктің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны Министрліктің Су көлігі департаментінің басшысына (бұдан әрі – Министрліктің СКД) береді;
3) Министрліктің СКД отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны Министрліктің СКД Теңіздегі кеме қатынасы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасына (бұдан әрі – Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ) береді;
4) Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны СКДТПІСКДБ-ның жауапты орындаушысына береді;
5) Министрліктің СКД ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысы тоғыз жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және оны Министрліктің басшысына қол қоюға жолдайды;
6) Министрліктің басшысы төрт сағат ішінде рұқсатқа немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және оны Министрліктің кеңсесіне жолдайды;
Полная версия