1. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi – Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2015
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 5-қосымша
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 666 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына электрондық құжат немесе қағаз түріндегі рұқсат болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің) iс-қимылдарды тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны көрсетілетін қызмет берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші Су көлігі департаментінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші СКД) береді;
3) көрсетілетін қызмет беруші СКД отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші СКД Теңіздегі кеме қатынасы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің СКД ТКҚСМСҚБ) береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны СКД ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысына береді;
5) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысы он тоғыз күнтізбелік күні ішінде өтінішті қарайды және оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және шет мемлекеттін туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде рұқсатқа қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
8. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдардың) орындалуын бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттiк көрсетілетін қызмет рәсімдердің (іс-қимылдардың) қорытындысы:
1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бұрыштамасы;
4) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ басшысының бұрыштамасы;
5) рұқсатты ресімдеу және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті басшысына немесе оның орынбасарына беру;
6) қол қойылған рұқсатты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
7) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсатты беру.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушісінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) көрсетілетін қызметті беруші СКД басшысы;
4) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ басшысы;
5) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ жауапты орындаушысы.
10. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде өтінішті қабылдау, ашу және кіріс корреспонденциясы журналында тіркеуді жүргізеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары төрт сағат ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші СКД береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ береді;
4) көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ отыз минут ішінде өтінішті қарайды және оны көрсетілетін қызметті беруші СКД ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысына береді;
5) көрсетілетін қызметті ТКҚСМСҚБ-ның жауапты орындаушысы он тоғыз күнтізбелік күні ішінде өтінішті қарайды, оны белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және рұқсатты ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төрт сағат ішінде рұқсатқа қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері бір сағат ішінде рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға береді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы «Шет мемлекеттiң мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – регламент)1-қосымшасына сәйкес блок-схемасында келтірілген.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының өтінім беру тәртібі және рәсімдерінің (іс - қимылдардың) дәйектілігі;
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;
2) нәтижесін беру «электронды-үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ расталған Куәлікті беру туралы хабарлама жоданады.
13. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтінім беру тәртібі және рәсімдердің (іс - қимылдардың) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында келтірілген.
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының блок-схемасы
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Диаграмма ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдың өзара әрекет
Полная версия