Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
 2014 жылғы 25 сәуірдегі
 № 400 бұйрығына
 8-қосымша
«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2016 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 жылғы № 1182 Бұйрығына сәйкес
1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60-бабының 1-тармағының және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ұшуға пайдалану және ұшуға жарамдылықта ұстау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін үлгісі: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Пайдаланушы сертификатын (сертификат телнұсқасын) (бұдан әрі - сертификат, сертификат телнұсқасы) беру болып табылады.
     2. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің   (қызметкерлерінің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі   іс-қимыл тәртібін сипаттау 
5. Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі. Қызметті алушы өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылады:
1) қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 30 минут ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын кiрiс хаттарды тіркеу журналында тіркейді және қызметті берушінің басшысына жолдайды;
2) қызметті берушінің басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және оларды қызметті берушінің Ұшуды пайдалану басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысына жолдайды;
3) Басқарма басшысы күнтізбелік бір күні ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қарастырады және Басқарманың бас сарапшысына (сарапшы) жолдайды;
4) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде және куәліктің телнұсқасын алуға қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде оларды бекітілген талаптарға сәйкестігін қарайды, қызметті берушінің басшысы қол қойылған қызметті алушының сертификациялық тексеру жүргізу туралы шешімін қызметті алушына жібереді және сертификациялық тексеру жүргізу үшін комиссия құру туралы қызмет берушінің бұйрық шығаруын қамтамасыз етiледi;
5) қызметті берушінің комиссиясы қызметті алушыға күнтізбелік 7 (жеті) күннен аспайтын мерзімде сертификаттық тексеру жүргізеді;
6) Басқарманың бас сарапшысы (сарапшы) қызметті алушыға комиссия мүшелері қол қойған сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жіберуді және күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде комиссияның сертификаттық тексеруді аяқтаған сәтінен бастап көрсетілетін сертификатты ресімдеуді және оған қызметті беруші басшысының қол қоюын қамтамасыз етеді;
7) Басқармасының бас сарапшысы (сарапшы) 15 минут ішінде сертификатты (сертификаттың телнұсқасы) қызметті алушының жеке келуінде берілген сертификаттарды (сертификаттардың телнұсқасы) есепке алу және тіркеу журналында қолхатпен тапсырады.
Куәліктің телнұсқасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеген күнінен бастап күнтізбелік 10 күнге дейінгі мерзімде тапсырылады.
7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс - қимылдың) нәтижесі:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды қызметті берушінің басшысына тапсыру;
2) Басқарма басшысының қарауы үшін қызметті беруші басшының қарары;
Полная версия
ИС BestProfi