Близость слов: Окончание:





«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)–5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға XML пішімі бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6)–9), 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға XML пішімі бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді.
Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Қаржы мониторингі субъектілері жіберген қаржы мониторингіне жататын операциялар мен күдікті операциялар бойынша қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектіне осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес электрондық немесе қағаз тасымалдағышта қажетті ақпараттар, мәліметтер мен құжаттарды беру үшін сұрату жібереді.
Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша сұратылған қажетті ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан байынша осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында белгіленген тәртіпте жіберіледі.
Полная версия
ИС BestProfi