Близость слов: Окончание:





«Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімiн ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімiн ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімiн ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімiн ратификациялау туралы
Мәскеу қаласында 2012 жылғы 17 желтоқсанда жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімі ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президентi
Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімі
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,  
Кеден одағына мүше мемлекеттердің және Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара сауданы кеңейту мақсатында,
1994 жылғы 15 сәуірде көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының қорытындылары бойынша қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім мен Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімде белгіленген қағидалар мен қағидаттарды, сондай-ақ 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімнің, 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімінің, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімнің, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитарлық шаралар туралы келісімінің, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісімінің, 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімінің, 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып,
Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюға ниет білдіре отырып,
Осы Келісімде саудадағы техникалық кедергілер деп Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің ұлттық техникалық регламенттері, стандарттары мен сәйкестікті бағалау (растау) рәсімдері талаптарының және Кеден одағының техникалық регламенттерінің, Кеден одағында қолданылатын стандарттардың және Кеден одағының сәйкестікті бағалау (растау) рәсімдерінің өзара саудада кедергілерге әкелетін өнімдердің аттас түрлеріне қатысты айырмашылықтары түсініледі.
Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шаралар саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімде, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінде және 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде белгіленген мағынада қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi