1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 17 мамырындағы № 505 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызмет Стандартына (әрі қарай-Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен (әрі қарай-қызмет көрсетуші) көрсетіледі.
Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Бас прокурорының 12.10.2015 жылғы № 121 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйлестіру бойынша Комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» шаруашылығын жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (әрі қарай-Орталық);
2) «электрондық үкімет» веб-порталымен (әрі қарай- портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (болмаса) қағаз жүзінде (шетелге шығу үшін қызмет алғандарға).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыс жасағаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы ақпарат (әрі қарай-ақпарат) осы Регламентке қоса берілген 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуде құрылымдық бөлімшелердегі (жұмыскерлердің) қызмет көрсетушінің іс-әрекетінің тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі қызмет алушымен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімдемеге сәйкес, электронды түрде немесе қағаз жүзінде құжаттарды өткізу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізу құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) ақпараттық жүйедегі тізілімге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің кеңсесі қызметкерімен ұсынылған құжатты қабылдау, тіркеу және оны қызмет көрсетушінің басшысына жіберу 30 минуттың ішінде;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет көрсетушінің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу екі сағаттың ішінде;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құрылымдық бөлімшенің басшысымен қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жіберу екі сағаттың ішінде;
4) қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 2 жұмыс күнінен көп емес уақытта, ал қызмет алушы ақпаратты шетелге шығу үшін алған жағдайда, осы мемлекеттік қызметті көрсетуді 4 күннен көп емес уақытта жауапты орындаушымен дайындау;
5) ақпаратқа ақпаратты дайындаған күні қызмет көрсетушінің басшысымен қол қою;
6) қол қойылған ақпаратты кеңсе қызметкерімен курьер арқылы Орталыққа жолдау.
Порталда:
1) мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушының «жеке кабинетінен» құжаттарды қабылдау, оны алғашқы тексеру;
Полная версия

