"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығы
Осы редакция 29.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
ҚР ПҮАЖ-нда және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптік кеңестерi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимитін облыстардың, Астана және Алматы қалалары тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары мен хатшылықтары қызметкерлерінің санын қалыптастыруға көзделген штат бiрлiгі санына қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) бұрын қабылдаған өз актілерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат; 2001 ж., N 1-2, 2-құжат, N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат, N 45, 445-құжат; 2003 ж., N 12, 130-құжат, N 16, 160-құжат; 2004 ж., N 13, 166-құжат, N 21, 267-құжат, N 27, 344-құжат, N 48, 590-құжат):
1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігі 164,
соның iшiнде аумақтық органдар 120"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
қызмет iстерi агенттiгі 253,
соның ішiнде аумақтық органдар 204";
2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 54, 532-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2003 ж., N 9, 92-құжат, N 15, 149-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Агенттiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында консультативтік-кеңесшi органдары - тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi Агенттiктiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
9-тармақтың 10-1) тармақшасында:
"орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының" деген сөздер алып тасталсын;
"Қызмет этикасы ережесiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия

