Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы
Осы редакция 29.08.2014 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
толық мәтіні және республикалық
баспасөзде мазмұны жариялануға
тиіс
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес  Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
N 625 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;
мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;
Полная версия
ИС BestProfi