«Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрдің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 316 бұйрығы
Редакция 28.08.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Комитеттердің төрағалары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің бастықтары практикалық қызметте Ережені басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.А. Әубәкіровке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А. Жансейітов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы А. Кулинич
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіхалықова 2010 жылғы «_____»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрдің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 316 бұйрығымен бекітілген
Ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттарын реттейді.
2. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеумен есептеледі.
3. Күнтізбелік айдың ішінде лауазымдық жалақысын көтеру құқығы туындаған қызметкерлерге өтілін ескере отырып, лауазымдық жалақысын есептеу осы құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептелген мамандығы бойынша жұмыс өтілі қайта қарауға жатпайды.
5. Қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілі және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеуді қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды ұсынған сәттен бастап 7 күн ішінде өтілді белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды.
Комиссияның құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді.
Қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдарын белгiлеу туралы комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi данада жасалып, кадр қызметiне және бухгалтерияға берiледi.
6. Мына құжаттардың кез келгенi:
1) еңбек кiтапшасы;
2) тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актілерінен үзiндiлер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзiндiлер;
5) жұмыс берушi қол қойған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат растаған қызметтік тiзiм (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi);
6) қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады.
7. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар болып табылмайтын және дәрігерлік, фармацевтикалық, орта және кіші медицина персоналы, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестірілген адамдар мен ғылыми-педагогикалық және ғылыми қызметкерлер санатына жатқызылған ішкі істер органдары жүйесіндегі қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қызметтің тиісті саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне, қызметкерлеріне мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
Қызметкерлер үшiн мамандығы бойынша жұмыс өтілі белгiлi бiр лауазымдар санатына жатқызылған, атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын анықтау мақсатында есептеледi.
8. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, мамандығы бойынша жұмыс iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы Күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының әскери-тергеу органдарында, әскери полиция органдары мен әскери прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
1-тармақша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.08.2014 жылғы № 559 Бұйрығымен (22.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер, қаржы (салық) полициясы, қылмыстық-атқару жүйесінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетiнде, кеден органдарында, прокуратура, арнайы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында жұмыс iстеген;
2-тармақша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.08.2014 жылғы № 559 Бұйрығымен (22.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3) КСРО Мемлекеттік банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесiнде жұмыс iстеген;
4) жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес баланы күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша берiлген демалыс уақыты;
5) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс iстеген;
6) Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдiк органдары депутаттарының өкiлеттiктерiн тұрақты негiзде жүзеге асырған;
7) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн мемлекеттік органда жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқығаны;
8) ұйымдарда бiрдей мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмысы қосылады.
3. Жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарты
9. Еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемақы негізгі лауазымдар бойынша тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларына) ай сайын пайызбен мынадай мөлшерде:
3 жылдан астам еңбек сіңірген жылдарына - 10 пайыз
5 жылдан астам еңбек сіңірген жылдарына - 15 пайыз
10 жылдан астам еңбек сіңірген жылдарына - 20 пайыз
15 жылдан астам еңбек сіңірген жылдарына - 30 пайыз
20 жылдан астам еңбек сіңірген жылдарына - 40 пайыз төленеді.
10. Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының жүйесінде жұмыс істеген уақыты қосылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 28.08.2014 жылғы № 559 Бұйрығымен (22.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия

