Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 шілдедегі N 719 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. Мәсімов  
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі, табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
1. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның орталық жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға, оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жекелеген элементтерінен алынатын кәсіпорындар төлейтін қызмет ақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын, сондай-ақ капитал құнының өсіміне салынатын салықтардың барлық түрлері табысқа салынатын салықтар болып есептеледі.
Полная версия
ИС BestProfi