Близость слов: Окончание:





«Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2-1), 5) және 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тағайындалған операторды тағайындау және өкілеттігін кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтiмдерiнде почта мөртабанын қолдану қағидалары н бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-бет, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 5, 50-бет):
осы қаулымен бекітілген Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және почта операторлары, Ұлттық почта операторы мен тағайындалған оператор пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) почта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету, олар почта жәшіктерінен жиналып алынған және (немесе) операциялық терезелер арқылы қабылданған жай хаттарды, почталық карточкаларды және бандерольдерді жіберуді білдіреді;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:  
«5) Дүниежүзілік почта одағы (бұдан әрі - ДПО) – аумағында халықаралық почта жөнелтімдерімен өзара алмасу үшін біртұтас почта аумағын құрайтын мүше-елдерден тұратын, мақсаты почта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
6) Дүниежүзілік почта одағының актілері (бұдан әрі - ДПО актілері) –Дүниежүзілік почта одағының Конгресінде Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:  
«25) халықаралық почта жөнелтімі – Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге жіберу үшін қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келіп түсетін не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін және ДПО Актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін почта жөнелтімі;»;  
2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:  
«8-1. Тағайындалған оператор және почта операторы халықаралық почта жөнелтімін ДПО актілерінде көзделген ілеспе құжаттарымен қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi